
31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Байрақты бәсекеге 60-тан астам елдің өкілдері қатысып жатыр.
Онда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары да бақ сынасуда. Олар спорттың төрт түрінен: арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, мас-рестлинг (таяқ тарту) және стронгмен сайыстарында бәсекеге түсуде.
Кеше ШҚО спортшылары өнер көрсететін арқан тартыстан ұлттық құрамамыз 8х8 дисциплинасы бойынша 1-орынды жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.
Бұл жеңіске жету үшін жігіттер алаңда бар күш-жігерін салды. Биылғы бәсекеде Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан, Пәкістан, Бразилия және Қазақстан сияқты мықты құрамалар бақ сынасты. Әр тартыс нағыз төзімділік пен темірдей тәртіпті талап етті.
Тұғырдан көрінген үздік үштік: 1 орын – Қазақстан, 2 орын – Қырғызстан, 3 орын – Пәкістан.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1285770?lang=ru

Жауап қалдыру