
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар Тараз қаласы, Дулати көшесін тазалау жұмыстарын жүргізу, Саңырық батыр көшесі, №55/8 үйдің құрылысы, Төле би даңғылы, №9 А үйдің артындағы қоқыс мәселесі, осы үйдің алдына асфальт төсеу, үйдің маңына автотұрақ орнату, жылу желісін реттеу жөнінде сауалдармен келді.
Сондай-ақ тұрғын үй кезегі, жер кезегі, қоқыс алаңшасын уақытылы тазалау жөніндегі мәселелерді жеткізді.
Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ішкі жұмыстары мәселесін жеделдету жұмыстары бойынша сұрақтар көтерді.
Қала әкімі сауалдардың барлығы заңнама талаптарына сәйкес зерделеніп, белгіленген жоспар аясында кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1286198?lang=ru

Жауап қалдыру