
Будапешт, 2026 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Анель Бақытбекқызы Мажарстанның агроөнеркәсіптік саласындағы жетекші компанияларының бірі «UBM Group»-тың бас директоры Петер Хорватпен кездесті.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы «UBM» компаниясының Алматы облысында премикс өндіретін зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобасын іске асыру болды.
Қазіргі уақытта жоба құрылысқа дайындық кезеңінде. Кездесу барысында тараптар жобаның іске асырылу барысы мен алдағы қадамдарды талқылады.
Жоба Қазақстанда озық еуропалық технологияларды қолдана отырып, заманауи премикс өндірісін құруды көздейді және отандық жемшөп өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін болады.
Қазақстандық тарап жобаны іске асыруға одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Тараптар тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға және агроөнеркәсіптік сектордағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1286177?lang=ru

Жауап қалдыру