«Ұлттық диктант» жобасы аясында жаппай диктант жазу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы «Ұлттық диктант» жобасы аясында ұйымдастырылған жаппай диктант жазу іс-шарасына белсенді қатысты.

Аталған бастаманың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту, сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру және тілге деген құрметті арттыру. 

«Ұлттық диктант» — тек сауаттылықты сынайтын шара ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тілдің маңызын дәріптеп, оны құрметтеуге үндейтін тағылымды бастама.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы мемлекеттік тілдің дамуына бағытталған осындай игі бастамаларды қолдай отырып, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1286211?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді