
Қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан асыл мұрасы, рухани қазынасы — домбыра өнерін ұлықтау, жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Ұлттық домбыра» мәдени-танымдық акциясы ұйымдастырылуда! ✨
Акциясының негізгі мақсаттары:
-
-
Ұлттық мұраны ұлықтау мен жаңғырту: Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасы — домбыра өнері мен дәстүрлі күйшілік мектебін кеңінен насихаттау.
-
Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу: Балалар мен жастардың бойында төл мәдениетке, тарихқа және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
-
Танымдық өрісті кеңейту: Тұрғындарға домбыраның шығу тарихы, жасалу шеберлігі, шертпе және төгіпе күй дәстүрлері туралы ақпараттық-танымдық мағлұмат беру.
-
«Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра!» Бабалар аманатын бірге ұлықтап, ұлттық өнерді бірге жаңғыртайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1285772?lang=ru

Жауап қалдыру