VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан полицейі жүлдегер атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жүлделі нәтиже көрсетіп жатыр.

     Атап айтқанда, қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ҚР ІІМ “Арлан” спорт клубының мүшесі, Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали II орын иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

     Аталған салмақ дәрежесінде 31 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Алмас Жұмағали жарыс барысында бес белдесу өткізіп, қарсыластарының барлығын жеңіп, финалға дейін жетті. Нәтижесінде ол жарыстың күміс жүлдегері атанды.

     Қазақстан полицейінің бұл жетістігі – ел құрамасының халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерінің бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1285913?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді