Жамбыл ауданының жекелеген ұйымдарында бюджеттік қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Жамбыл ауданының жекелеген ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.              Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 577 млн. теңге құрады, оның ішінде қалпына келтіруге – 520 млн. теңге (90,2%), бюджет кірісіне өтеуге – 56,7 млн. теңге (9,8%), бюджет кірісіне түсуге – 13,7 млн. теңге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы – 1 752,7 млн теңге.                Мемлекеттік аудит барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 65 бұзушылығы анықталды. Бюджет шығыны 937,9 мың теңге құрады.             Мемлекеттік аудит объектілері бөлінісінде қаржылық бұзушылықтардың негізгі бөлігі ТКШ бөлімінде – 543 млн теңге немесе 94%, Благовещенка ауылдық округінде – 29,9 млн теңге немесе 5,1%, Майбалық ауылдық округінде – 1,4 млн теңге немесе 0,7%, экономика бөлімінде – 0,7 млн теңге немесе 0,1% анықталды.             Аудит объектілері Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол беріп, бюджет, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу салаларындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнамасының жүйелі түрде бұзылғаны анықталды.             Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.             Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 38 материал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, 1 материал «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ және 73 материал «СҚО Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ жолданды.             Бүгінгі таңда аудит объектілерінің 14 лауазымды тұлғасы жалпы сомасы 2,9 млн теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.                          Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілікті арттыру жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу, анықталған бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша тұрақты негізде техникалық оқу жүргізу, жаңадан қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу.              Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomsko/press/news/details/1286256?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді