Мойынқұм ауданының прокуратурасы қоғамдық көлікті ұйымдастыру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметіне талдау жүргізді.
Анықталғандай, 2023 жылдан бастап жолаушылар тасымалына арналған шарттар жасасу кезінде заңнамада көзделген халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жол жүру ақысына 50 пайыздық жеңілдік қарастырылмаған. Бұл Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының талаптарына қайшы келеді.
Аталған заң бұзушылық ауданның 1600-ден астам тұрғынының, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы аналардың және қоғамдық көлікті пайдаланатын 15 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарына әсер еткен.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша азаматтардың жеңілдетілген жол жүру құқығы қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1286347?lang=ru

Жауап қалдыру