Қарағандыда Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл-FEST» облыстық фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған іс-шара тіл арқылы қоғамдық бірлікті нығайтуға, мемлекеттік тілдің рөлі мен қолданыс аясын кеңейтуге, Қазақстан халқы тілдерінің сақталуы мен дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ түркі халықтарының тілдік мұрасын дәріптеуге бағытталды.

5 қыркүйекте Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында өткен фестивальге облыстың қала-аудандарынан келген өкілдер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Фестиваль аясында концерттік бағдарлама, «Қазақша сөйлейік!» Talk&Play интерактивті алаңы және «Qazaq Brand Market» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Интерактивті алаңда тілдік кедергілерді еңсеруге және мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға бағытталған тренингтер мен сөйлесу клубтары өтті. Жәрмеңкеде отандық шеберлердің өнімдері мен ұлттық нақыштағы бұйымдар таныстырылды.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді насихаттауға және өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286394?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді