
Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде «Тіл – ұлттың жаны» атты командалық зияткерлік-танымдық байқау өтті.
Байқауға Агенттік қызметкерлерінен құралған төрт команда – «Болашақ», «Бірлік», «Парасат» және «Әділет» қатысты.
Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: «Ойна, ойла» – білім мен логикалық ойлауға арналған сұрақтар, «Суреттер сөйлейді» – суреттер арқылы қазақ мақал-мәтелдерін табу және «Дәстүрге тағзым» – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған тапсырмалар.
Музыкалық және шығармашылық қойылымдар бағдарламаны толықтырып, достық бәсекелестік, еркін қарым-қатынас пен мерекелік көңіл күй атмосферасын қалыптастырды.
Қазақстан халқы тілдері күні – еліміздің тілдік және мәдени мұрасының байлығын, сондай-ақ өзара құрмет пен түсіністіктің маңыздылығын айшықтайтын мереке.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтайды! Бейбітшілік, бақ-береке, жаңа білім мен шабыт тілейміз. Қазақстанның тілдік және мәдени әралуандығы бірлігімізді нығайтып, өзара құрметті арттырып, даму үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1286351?lang=ru

Жауап қалдыру