
Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттарының төртінші, қорытынды әрі шешуші жарыс күні аяқталды.
Жарыстың қорытынды күні Жезқазған қаласының «Металлург» стадионында «Жауынгерлік қанат жаю» тәртібі бойынша өтті. Бұл тәртіпте спортшылардың жылдамдығы, дәлдігі және команданың үйлесімді іс-қимылы аса маңызды. Қатысушылар жоғары кәсіби дайындықтарын және командалық өзара іс-қимылдарын көрсетті.
Ерлер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер:
1 орын — Ақтөбе облысы ТЖД, 26,27 сек;
2 орын — Атырау облысы ТЖД, 26,39 сек;
3 орын — Маңғыстау облысы ТЖД, 27,57 сек.
Әйелдер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер:
1 орын — Қостанай облысы ТЖД, 24,10 сек — Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекорды. Бұған дейінгі рекордтық нәтиже — 24,78 сек;
2 орын — Маңғыстау облысы ТЖД, 27,91 сек;
3 орын — Ақтөбе облысы ТЖД, 30,78 сек.
Осылайша, төрт күнге созылған чемпионаттар өз мәресіне жетті. Жарыс барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар жоғары жылдамдықтарын, күш-жігерін, кәсіби шеберліктерін және командалық бірліктерін көрсетті.
Қорытынды күннің басты жетістіктерінің бірі — әйелдер арасында «жауынгерлік қанат жаю» тәртібі бойынша Қостанай облысы ТЖД командасының Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекордын жаңартуы болды.
Бүгін кешке ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1286397?lang=ru

Жауап қалдыру