6 қыркүйек – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда қыркүйек айының бірінші жексенбісінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аталып өтеді. 2026 жылы кәсіби мереке 6 қыркүйекке сәйкес келеді. Бұл күн мұнай-газ саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегін құрметтеуге арналған.

Мұнай-газ саласы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, энергетикалық қауіпсіздігіне және өндірістік әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып отырған стратегиялық маңызды салалардың бірі. Мұнай мен газды өндіру, өңдеу, тасымалдау және халыққа жеткізу бағыттарында мыңдаған маман күн сайын жауапты қызмет атқаруда.

Бұл саладағы әрбір жетістіктің артында жоғары кәсібилік, мол тәжірибе, жауапкершілік және тынымсыз еңбек тұр. Кен орындарында, өндірістік кәсіпорындарда, мұнай өңдеу зауыттарында және газ инфрақұрылымы нысандарында қызмет атқаратын мамандар еліміздің тұрақты дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы және газ саласын дамытуға, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында 18,4 млн тонна мұнай өңделіп, газдандыру деңгейі 64 пайыздан асқаны хабарланды.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген барша мамандарға құрмет білдіретін маңызды кәсіби мереке.

Осы айтулы күнге орай мұнай-газ саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, өндірістік нысандарда қауіпсіздік пен тұрақтылық тілейміз. Еліміздің энергетикалық қуатын арттыру жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Кәсіби мереке құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1286426?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді