Әйтеке би аудандық мәслихатының кезекті елуінші сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әйтеке би аудандық мәслихатының кезекті елуінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік  басқару және  өзін – өзі  басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:

Әйтеке  би аудандық  мәслихатының кезекті елу үшінші сессиясы  2026 жылдың қыркүйек айының 8-не сағат 10:00 шақырылсын.

Сессияның  күн  тәртібіне  мынадай  мәселелер  енгізілсін:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Ш. Жусупов.

2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.

3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №146 «Әйтеке би ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Әйтеке би аудандық мәслихаттының 2026 жылғы 10 ақпандағы №475 «Әйтеке би аудандық жер комиссиясының ережесі және жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы:

 

 

Б. Сейлханов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aytekebi/press/news/details/1287153?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді