БАЙҒАНИН АУДАНЫНДАҒЫ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚЫЗМЕТІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Болашақ мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» 2024 жылдан бері өз жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

🔹Орталықтың негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қалыптастыруға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, әлеуметтік ортаға араласуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

🔹Орталықта егде жастағы азаматтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес түрлі спорттық-сауықтыру, шығармашылық, мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қызмет алушылар дене белсенділігімен айналысып, шығармашылық үйірмелерге қатысады, пайдалы кездесулер мен мәдени іс-шараларға атсалысады.

🔹Сонымен қатар, орталық қызмет алушылары арасында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоғамдық белсенділікті арттыру бағытында түрлі шаралар өткізіліп келеді.

🔹«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» – аға буын өкілдерінің белсенділігін арттырып, олардың қоғам өміріне араласуына мүмкіндік беретін, денсаулық пен жақсы көңіл-күйді қолдайтын әлеуметтік орта.

🔹«Болашақ мұра» қоғамдық қоры алдағы уақытта да орталық қызметін одан әрі дамытып, ауданның егде жастағы тұрғындары үшін пайдалы әрі мазмұнды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1286810?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді