Ел игілігі жолындағы қажырлы қызмет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық саланың дамуына ғұмырын арнаған білікті маман Терлекбай Серік Мұхамеджанұлының тағылымды еңбек жолымен таныстырғымыз келеді.

Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген Серік Мұхамеджанұлы бала кезінен адам денсаулығы мен қоғамның әл-ауқатына қызмет етуді мақсат етіп, дәрігер мамандығын таңдады. 1973 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Санитария, гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында бастады.

1973 жылдан 2012 жылға дейін Балқаш қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде санитариялық дәрігер болып қызмет атқарып, өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосты. Қырық жылға жуық уақытты қамтыған кәсіби қызметі барысында Серік Мұхамеджанұлы өзінің жоғары білімі мен кәсіби шеберлігін, жауапкершілігін және өз ісіне деген адалдығын таныта білді.

Оның көп жылғы қажырлы еңбегі, мол тәжірибесі мен мінсіз кәсіби беделі әріптестерінің зор құрметіне және кәсіби қауымдастықтың лайықты бағасына ие болды. Серік Мұхамеджанұлының еңбек жолы — өз мамандығына адалдықтың, жауапкершіліктің және халық денсаулығын қорғау жолындағы табанды қызметтің жарқын үлгісі.

Осындай білікті мамандардың еңбегі арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің озық дәстүрлері қалыптасып, кейінгі ұрпаққа жалғасып келеді. Олардың кәсіби тәжірибесі мен өмірлік ұстанымы жас мамандар үшін құнды өнеге болып табылады.

Кәсіби мереке қарсаңында Серік Мұхамеджанұлына санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы көп жылғы адал еңбегі, мамандығына деген шынайы берілгендігі және халық денсаулығын сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, рухани жылулық, бақ-береке және ұзақ жылдар бойы белсенді, мәнді де қуанышты ғұмыр тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1286817?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді