Кәмелетке толмағандар неше жастан жұмыс істей алады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары С.Алиманов жеке қабылдауға келген жас мамандарға еңбек құқықтары бойынша сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кәмелетке толмағандар неше жастан жұмыс істей алады?

🔹 16 жастан – еңбек шарты жасалады.

🔹 14 жастан – оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесіне кедергі келтірмейтін жұмыстарды атқаруға болады.

🔹 14 жасқа дейін – тек кинематография, театр, концерт ұйымдары мен цирктерде шығармашылық қызметке заңды өкілінің жазбаша келісімімен қатысуға болады.

Есте сақтаңыз:
✔️ Баланың денсаулығына, оқуына және имандылық тұрғысынан дамуына зиян келмеуі тиіс.
✔️ 18 жасқа толмағандарды түнгі, үстеме, ауыр және зиянды жұмыстарға, сондай-ақ ойын бизнесі мен алкоголь, темекі және есірткі өнімдерінің өндірісі мен айналымына байланысты жұмыстарға тартуға болмайды.
✔️ Жұмыс беруші кәмелетке толмаған жұмыскерді міндетті түрде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға тиіс.

Жұмыс уақыты:
* 14–16 жас – аптасына 24 сағаттан аспайды.
* 16–18 жас – аптасына 36 сағаттан аспайды.

Жауапкершілік:
Кәмелетке толмағанды еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдау ӘҚБтК-нің 86-бабының 3-тармағына сәйкес 50-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1286888?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді