
Жаңа оқу жылының басталуына орай «Назар аударыңыз, балалар!» жалпыреспубликалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтау қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында бастауыш сынып оқушыларына мектепке келу және қайту жолындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушыларға бағдаршам белгілеріне назар аудару, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар киімдегі жарық шағылыстырғыш элементтердің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мектепте достық қарым-қатынасты қалыптастыру және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жол және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы білімін арттыру, құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайту.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
https://www.instagram.com/reel/Dc3lk2zqZGT/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1287032?lang=ru

Жауап қалдыру