
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің мамандарына оқу-өндірістік комбинатында оқыған кезеңдерді еңбек өтіліне есепке алу бойынша техникалық-құқықтық сабақ өткізілді.
Сабақты №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Оразалина өткізіп, оқу-өндірістік комбинатында (бұдан әрі – ОӨК) оқыған кезеңдерді зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есепке алу тәртібін түсіндірді.
Оқу-өндірістік комбинаты – жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі шеңберінде білім алушыларға белгілі бір бағыттар бойынша бастапқы кәсіптік даярлықты қамтамасыз ететін білім беру ұйымы.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208-бабының 1-тармағына сәйкес, зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есепке алынатын кезеңдер заңнамада белгіленген талаптар негізінде айқындалады.
Осы ретте ОӨК-де оқу кезеңі аталған бапта көзделген кәсіптік немесе орта арнаулы білім беру ұйымдарында оқу кезеңдеріне жатпайды.
Осыған байланысты, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оқу-өндірістік комбинатында оқыған кезеңдерді еңбек өтіліне есепке алуға құқықтық негіздер көзделмеген.
Техникалық-құқықтық сабақ барысында бөлім мамандарына осы мәселе бойынша тиісті түсіндірме беріліп, зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.
Азаматтардың зейнетақы құқықтарын іске асыру және еңбек өтілін есептеу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1286988?lang=ru

Жауап қалдыру