2026 жылғы 7 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы М.Х. Рахимжановтың төрағалығымен техникалық оқу жүйесі шеңберінде кезекті сабақ өткізілді.
Сабаққа Тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы А.Қ. Махашева «Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша» 200 рәсімдік стандарты» тақырыбында баяндама жасады.
Техникалық оқу барысында сәйкестік аудитінің мақсаттары, негізгі міндеттері мен кезеңдері, аудит критерийлері, аудит объектісін алдын ала зерделеу, ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді бағалау мәселелері, сондай-ақ аудиторлық дәлелдемелерді алу және бағалау әдістері қарастырылды. Аудит нәтижелерін ресімдеуге қойылатын талаптар мен мемлекеттік аудитордың іс-қимылдарының практикалық алгоритміне ерекше назар аударылды.
Сабақ соңында тыңдаушылар арасында қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1286951?lang=ru

Жауап қалдыру