ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛ БЕЛГІЛЕРІН ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласы мен облыстың барлық аудандарында білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасында жәбірлеу (буллинг), зорлық-зомбылық және суицидтік ниет белгілерін диагностикалау және ерте анықтауға арналған *Mental Health ҰБДҚ (mhnobd.kz)* бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдану бойынша арнайы оқыту курстары басталды.

Аталған ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әзірленген.

Жүйенің негізгі мақсаты – балалар арасында туындауы мүмкін тәуекел белгілерін дер кезінде анықтау, мамандардың жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіру және балаға қажетті психологиялық әрі әлеуметтік қолдауды уақытылы ұйымдастыру.

Оқытудың алғашқы кезеңінде білім беру ұйымдарының директорлары мен директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қамтылды.

Келесі кезеңдерде Психологиялық қолдау орталықтары мен Отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер, Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандары және әкім орынбасарлары оқудан өтеді.

Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицидтік мінез-құлық тәуекелдерін ерте анықтау, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелілігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыс балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың алдын алу тетіктерін күшейтуге және тәуекел жағдайларына уақытылы ден қоюға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balakorgau-kzl/press/news/details/1287175?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді