Сарыағаш ауданында өндіріс саласын дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте өндірістік парк аумағын дамытуға және кәсіпкерлерге қажетті жағдай қалыптастыруға басымдық беріліп отыр.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағында жүргізіліп жатқан жобалардың қазіргі жағдайымен танысып, кәсіпкерлермен тілдесті.
Бүгінде өндірістік парк аумағында орналасқан бес кәсіпкерлік нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта кәсіпорындарды өндірістік қызметке дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, өндірістік желілер орнатылып, технологиялық құрал-жабдықтарды құрастыру және монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар өндірістік парк аумағында қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Аумаққа шағал төсеу, жерді тегістеу және инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Айта кетсек, «өндірістік парк» аумағындағы жобалардың іске қосылуы Сарыағаш ауданының экономикалық әлеуетін арттыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл бастамалар жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және аудан экономикасын әртараптандыруға оң ықпал етпек.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1287157?lang=kk

Жауап қалдыру