Шымкенттен келген тұрғын Қарағандыда 630 мың теңгелік телефонынан айырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкенттен келген тұрғын Қарағандыда 630 мың теңгелік телефонынан айырылды. Қарағандыға қонаққа келген 43 жастағы Шымкент тұрғынының сапары жағымсыз жағдаймен аяқталды. Ер адамның автокөлігінен құны 630 мың теңге тұратын ұялы телефоны ұрланған. Оқиға бойынша Әлихан Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол көршілес үйде тұратын 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер күдіктінің тұрғылықты жеріне келген кезде, ол қылмысын мойындап, ұрланған ұялы телефонды тәртіп сақшыларына тапсырған. Қазіргі уақытта ер адам сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде қамауда отыр. Полиция оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1286773?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді