«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

2026 жылдың 05 қыркүйек күні Үшарал қаласында «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында күзгі санитарлық тазалық бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке қаладағы мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және әскери бөлімдер қатысып, өздеріне тиесілі учаскелердің ішкі және сыртқы ауласындағы арық ішін тазалау, ағаштарды қырқу, шабу, әктеу және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы сенбілікке 190 адам қатысып, 5 техника жұмылдырылды. 30 тоннаға жуық қоқыс қажетті орынға шығарылды.

Аталған жұмыстардың басты мақсаты – қаланың тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.
Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындардың аумағы қоқыстан тазартылып, жасыл желектерге күтім жасалды.

Тазалық – ортақ міндет! Әрбір тұрғынның туған жерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуы – көркейген әрі таза қаланың кепілі.

Үшарал қаласының тазалығы мен көркеюі жолындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1286873?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді