
«Теріскей өлкесінің тарихи іздері» ғылыми экспедициясы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан ономаст-ғалымдарының қоғамдық бірлестігі «Ономастар одағы» бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасы аясында ғылыми-зерттеу тобы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына арнайы экспедициямен келді.
Экспедиция «Теріскей өлкесінің тарихи іздері» тарихи-танымдық ғылыми экспедициясы аясында ұйымдастырылып, аудан аумағындағы тарихи жер-су атауларын ғылыми тұрғыдан зерделеу, олардың шығу төркіні мен тарихи негіздерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Экспедиция құрамында жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бекенова Гүлнар Шияповна, ғылыми-зерттеу тобының мүшелері Тоғыс Мәулен Мырзағұлұлы және Касимова Дильназ болды.
Зерттеу барысында Уәлиханов ауданының тарихи жер-су атауларына қатысты құнды деректер жинақталып, өлкетанушылармен, тарихшылармен, ардагерлермен, педагогтермен, мәдениет саласының өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен пікір алмасылды.
Экспедицияның маңызды бағыттарының бірі – елді мекендер мен жер-су атауларының тарихи қалыптасуын зерделеп, халық жадында сақталған құнды мәліметтерді жинақтау.
Мұндай ғылыми-зерттеу жұмыстары тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық ономастикалық қорды жүйелеу және тарихи атаулардың мән-маңызын келер ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ovp/press/news/details/1287046?lang=ru

Жауап қалдыру