«Тіл мерейі – ел мерейі» атты аудандық тіл фестивалі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Уәлиханов ауданында «Тіл мерейі – ел мерейі» атты аудандық тіл фестивалі ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілге деген құрметті қалыптастыру және тіл арқылы ел бірлігін нығайту.

Шара барысында «Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің ұлттық руханият пен құндылықтарды сақтаудағы маңызы кеңінен насихатталды. Фестиваль спикерлері тілдің ел бірлігіндегі рөлі, ұлттық рухтың негізі және жастар арасындағы қазақ тілінің қолданысы туралы ой бөлісті.

Мемлекеттік тілдің дамуына және тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырларына аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Фестиваль барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, Кішкенекөл №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майрагүл Шайзадақызы көпшілікке ізгі тілегін білдірді.

🌿 Тіл – ұлттың жаны, елдіктің тұғыры.

Тілге құрмет – халыққа құрмет. Ал барлық тілдерге деген құрмет – бірлік пен татулықтың берік негізі.

🇰🇿 Тіл мерейі – ел мерейі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ovp/press/news/details/1287043?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді