ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні аудан мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

         Тұрақты комиссиялардың отырысына мәслихат депутаттары, Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері М.Ршымбетов, Жаңақорған кентінің әкімі Ж.Бейсенбеков, Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Ахметов, мәслихат аппараты қызметкерлері қатысты.

        Күн тәртібіне шығарылған мәселелер                 

  1. Ауданның денсаулық сақтау ұйымымен көрсетілетін қызметтері (хабарламашы –  Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері     М.Ршымбетов);
  1. Жаңақорған кентіндегі  қатты тұрмыстық  қалдықтар мәселесі (хабарламашы –       Жаңақорған кентінің әкімі Ж.Бейсенбеков);
  1. Жаңақорған ауданішілік тұрақты қоғамдық көлік қатынасының жай-күйі     (хабарламашы –   Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,    жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Ахметов).  

          Көтерілген мәселелер бойынша хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып, тиісті салалардағы жетістіктер мен проблемалары талқыланды. Депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, олар бойынша қосымша ақпарат сұратылды. Ұсынылған мәліметтер жинақталғаннан кейін тұрақты комиссиялардың қорытынды отырысын өткізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanakorgan/press/news/details/1287030?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді