
ЖӘНІБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ
2026 жылғы қыркүйек №57
Жәнібек аудандық мәслихатының кезекті 49 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Жәнібек аудандық мәслихатының кезекті 49 сессиясы 2026 жылдың 17 қыркүйек күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залына сағат 10 00 -ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің
орындалуы туралы есебі.
- Жәнібек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat/press/news/details/1287036?lang=ru

Жауап қалдыру