
Қазақстан халқы тілдері күніне орай Жамбыл облысында «Тіл – достықтың дәнекері» атты облыстық тіл фестивалі өтті.
Фестивалға тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, білім саласының мамандары және жастар қатысты.
Фестивальдің мақсаты – тіл арқылы қоғамдық бірлікті нығайту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тілдерге деген құрметті арттыру.
Фестивль аясында «Тіл бірлігі» көрмесі ұйымдастырылып, этномәдени орталықтардың «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» экспозициясы мен Тілдерді оқыту орталығының көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының «Ұлт ұстазы» театрландырылған қойылымы көрсетілді.
Фестиваль барысында өңірдегі тіл саясаты бағытында атқарылған жұмыстар туралы бейнеролик ұсынылып, тіл саласының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Мерекелік бағдарлама «Тіл құдіреті» композициясымен жалғасып, ана тілінің ұлттық құндылық ретіндегі маңызы көркем қойылым арқылы көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1287207?lang=ru

Жауап қалдыру