
ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру барысында мекеменің қызметінде қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, еңбек қатынастарының дұрыс рәсімделуі, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуі зерделенуде.
Сонымен қатар, тексеру барысында қажетті құжаттар қаралып, олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексерілуде.
Тексерудің негізгі мақсаты – заң бұзушылықтардың алдын алу, анықталған кемшіліктерді жою және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған мәселелерге тиісті баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданады.
Заң талаптарын сақтау – еңбек құқықтарын қорғаудың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1286790?lang=ru

Жауап қалдыру