
9 қыркүйекте Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналған мерекелік жарыс өтеді. Оған қала мектептерінің оқушылары мен қала қонақтары қатарынан 200-ге жуық адам қатысады. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.
Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың тоғызқұмалаққа қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Сайыс рапид форматында бес тур бойынша өтеді. Сағат 09:00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, одан кейін қатысушылар бес турда бақ сынайды. Әр турдың қорытындысын төрешілер алқасы бекітеді.
Бағдарламаға ашық турнир, мерекелік ашылу рәсімі, тоғызқұмалақ сайыстары, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау кіреді. Жабылу салтанаты сағат 16:00-де басталады.
Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Күні: 9 қыркүйек 2026 жыл
Басталуы: 09:00
Өтетін орны: «Достық» спорт кешені
Қосымша ақпарат: 8 775 650 58 45

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1287533?lang=ru

Жауап қалдыру