
«АЛТЫН КӨПІР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
«Атамекен» өнер ордасында «Алтын көпір» халықаралық форумы өтті. Ауқымды форумға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ербол Салықов, сондай-ақ Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялар, қазақ диаспорасының өкілдері, зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар қатысты.
Аймақ басшысы «Алтын көпір» фестивалінің шетелде тұратын қандастарымызды тарихи Отанымен байланыстыратын, туған тіл мен ұлттық мәдениетті, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жалғайтын маңызды рухани көпір екенін атап өтті.
Форум барысында төл тарихты түгендеу, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланып, маңызды ұсыныстар мен тағылымды пікірлер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1287408?lang=ru

Жауап қалдыру