Берекелі жәрмеңке – ел ырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

https://www.instagram.com/reel/Dc9BGX0K1Dv/?stkn=MWVxeXRzMzlxaTVkNQ==

Ақтөбе қаласындағы Табыс коммуналдық базарында дәстүрлі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті.

Әр сенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Ақтөбе облысының әр ауданынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынады.

Бұл жолы Әйтеке би ауданының шаруа қожалықтары мен шаруалары жәрмеңкеге белсене қатысып, табиғи әрі сапалы өнімдерін саудаға шығарды.

Атап айтқанда, Ақкөл, Аралтоғай, Құмқұдық, Т.Жүргенов ауылдық округтерінің өкілдері өз өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңке сөрелерінен 4 бас ірі қара, жылқы және сиыр еті, құс еті—60 келі, 400 дана тауық жұмыртқасы, 40 келі тары мен талқан, сондай-ақ 80 келі сүт өнімдері – айран, сүзбе, құрт орын алды. Сонымен қатар 40 келі қаймақ пен сары май сатылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің маңдай терімен өндірілген табиғи өнімдерге деген сұраныс жоғары. Мұндай жәрмеңкелер жергілікті тауар өндірушілерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік беріп, қала тұрғындарын сапалы әрі табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1287391?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді