Депутаттар Қарағанды облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын өзектендіруді талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арман Әлімжановтың төрағалығымен бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары О.Қ.Тәуірбеков, құқық қорғау органдарының, тексеру комиссиясының басшылары, облыстық басқармалар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде (Zoom) – облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері мен мәслихат төрағалары қатысты.

Отырыс барысында 2025 жылғы 9 желтоқсанда облыстық мәслихаттың XXXI-ші сессиясында бекітілген Қарағанды облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.

Құжатты өзектендіру Үкіметтің жаңа тапсырмаларына, мемлекеттік жоспарлау құжаттарындағы өзгерістерге, сондай-ақ депутаттық корпустың ұсыныстарына байланысты жүргізілмек.

Білім саласында мектептер, балабақшалар мен қосымша білім беру объектілерін салу және кеңейту көзделген. Оқушыарға 2 100 орын мен балабақшаларда 600 орын құру жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласында 23 ФАП, медициналық пункттер мен амбулаторияларды, сондай-ақ 36 медициналық объектіге инженерлік инфрақұрылымды дамыту жоспарланған.

Мәдениет және спорт саласында конгресс-холл салу, мәдениет объектілерін қайта жаңарту, 12 000 орындық жабық стадион және 1 000 орындық жеңіл атлетика манежін салу, сондай-ақ спорт объектілерін жөндеу көзделген.

Іс-шаралардың маңызды блогы инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытумен байланысты. Елді мекендерді газдандыру, жылумен жабдықтау және энергетика бойынша жобалар, сонымен қатар «SARAN» индустриялық аймағын сыртқы электрмен жабдықтау құрылысы көзделген.

Көлік саласында автомобиль жолдары мен көпірлерді реконструкциялау, «Сары-Арқа» әуежайына темір жол кірме жолын салу, сондай-ақ Балқаштағы әуежайды реконструкциялау жоспарлануда.

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында Саран қаласында Howo жүк көліктері мен жеңіл автомобильдер өндіру бойынша жобаларды қолдау ұсынылуда. 1 100 ден астам жұмыс орны құрылып, жергілікті өндіріс дами түседі деп күтілуде.

Сондай-ақ, сотталғандарды жұмысқа орналастыру мен кәсіптік оқыту, аумақтық қорғанысты дамыту жөніндегі шараларды күшейту, Балқашта өрт сөндіру депосының құрылысын және Шет ауданы Шопа ауылында «SMART AUYL» жобасын қосу ұсынылды.

Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің Қасенбай ауылын тарату мәселесі жеке қаралды. Бірнеше жыл бойы елді мекенде халық, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жоқ. Соңғы 15 жылда ауылды ұстауға бюджет қаражаты бөлінбеген. Аудан орталығына дейінгі қашықтық 80 км.

Аймақта бір ғана «Алшин» шаруа қожалығы жұмыс істейді, оның басшылығы ауылдың таратылуына қарсы емес.

Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар Қарағандыда жаңа облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысын алдын ала жоспарлау қажеттігін талқылады.

Қазіргі уақытта даму жобаларын іске асыруға мораторий енгізілген, осыған байланысты жобаны тікелей іске қосу мүмкін емес. Сонымен қатар, халық санының өсуін, қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінің белсенді дамуы мен жедел жәрдем қызметіне жүктемені ескере отырып, алаңды, қуатты және негізгі жобалық шешімдерді алдын ала анықтау ұсынылды.
Ұсынылған станция тәулік бойы жұмыс істейтін 30 бригадаға арналған және қалыптасқан медициналық хабтың бөлігі болуы керек. Жоба санитарлық көлікті орналастыру мен қызмет көрсету, медициналық кадрларды даярлау мен шақыруларға жедел ден қою үшін қажетті инфрақұрылымды көздейді.

Барлық қаралған мәселелер Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін болады.

Отырыстың толық жазбасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=szdukVujN1c

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1287191?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді