
«Көктал-1» тұрғын алабында күкіртсутек деңгейінің мерзімді түрде артуына байланысты №179 және №6 кәріз сорғы станцияларында көмір негізіндегі арнайы сүзгі материалдары кезекті рет ауыстырылды. Бұл жұмыстар ай сайын тұрақты түрде жүргізіледі.
Сондай-ақ күн сайын кәріз жүйесіне арнайы реагент беріліп отырады. Ол тұнбалардың жиналуын азайтып, кәріз желісінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Бұдан бөлек, айына екі рет арнайы техниканың көмегімен тұнба резервуары тазаланады. Аталған жұмыстардың барлығы инженерлік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1287582?lang=ru

Жауап қалдыру