Облыс аумағында Семей қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағы (бұдан әрі – ИА) 2007 жылы құрылды, 2024 жылдан бастап «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ балансында тұр.  Анықтама: 2024 жылғы 11 шілдедегі Абай облысы әкімдігінің № 133 қаулысына сәйкес, «Өндіріс» индустриялық аймағының басқарушы компаниясы болып «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бекітілді. 

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облыс аумағында Семей қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағы (бұдан әрі – ИА) 2007 жылы құрылды, 2024 жылдан бастап «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ балансында тұр. 
Анықтама: 2024 жылғы 11 шілдедегі Абай облысы әкімдігінің № 133 қаулысына сәйкес, «Өндіріс» индустриялық аймағының басқарушы компаниясы болып «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бекітілді. 
ИА-ның аумағында жұмыс істемей тұрған әкімшілік корпусы 
(1000 шаршы м), электр беру тораптары және трансформаторлық кіші станциясы, сумен жабдықтау және кәріз желілері бар.
Индустриялық аймақта 3 жоба іске асырылуда: 
«SUTO KAZAKHSTAN» ЖШС – чиптер мен электрондық құрылғылар өндіру жөніндегі индустриялық парк салу, ауданы – 20 га. Инвестициялар сомасы 27 млрд теңге, 500 жаңа жұмыс орнын құру көзделген;
«УНИВЕРСАЛ-СМ» ЖШС – Ағаш өңдеу кешені. Орман ағашын қайта өңдеу, ауданы – 56 га. Жоба сомасы 7,5 млрд теңге, 500 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Алайда басқарушы компания тарапынан бір ай мерзім ішінде нақтыланған бизнес-жоспарды ұсыну туралы тапсырма берілді. Белгіленген мерзімде толық әрі нақты бизнес-жоспар ұсынылмаған жағдайда жер учаскесін қайтарып алу мәселесі қаралатын болады.
«KZ. Golden Field» ЖШС, ауданы – 4,6 га., жоба соммасы – 500 млн теңге, 
18 жаңа жұмыс орнын құру көзделген).
Бүгінгі таңда инвесторлардың жоғары қызығушылығының арқасында «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағын 96 гектардан 190 гектарға дейін кеңейтілді. Осы бастама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған шағын өнеркәсіптік паркті құру мүмкіндігі де қарастырылуда. Алайда жоспарланған кеңейтуге қарамастан, өндіріс орындарын орналастыруға бизнес тарапынан тұрақты сұраныс байқалуда, бұл қосымша өнеркәсіптік алаңдарды құрудың қажеттілігін растайды.
Мақаншы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласына бағытталған, аумағы 100 гектарды құрайтын өңірлік индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда осы жоба аясында «Di-Nur company» ЖШС-нің майлы дақылдарды қайта өңдеу және тазартылған күнбағыс майын өндіру жобасы іске асырылды. Жобаның жалпы құны 7 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, қажетті өндірістік жабдықтар орнатылған. 
Сондай-ақ ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған тағы екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«Harvest Agro» компаниясы жүгері мен сояны қайта өңдеуге арналған 
2 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобалардың жалпы инвестициялық көлемі шамамен 48,5 млрд теңгені құрайды. 
Мақаншы ауданының логистикалық әлеуеті жоғары болып табылады. Атап айтқанда, Аягөз – Бақты теміржол желісінің іске қосылуы арқылы бұл әлеует одан әрі артады. Сонымен қатар, жеке индустриялық аймақ құруға қызығушылық білдірген шетелдік инвестор да бар. Өңірде өндіріс нысандарын дамытуға, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға және экономиканың дамуына үлес қосуды көздейді. 
Облыстың аудандарын кешенді дамыту мақсатында Аягөз ауданында да жалпы аумағы 100 гектарды құрайтын индустриялық аймақ құру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, қосымша өнеркәсіптік алаңдарды құрудың қажеттілігін ескере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру жобасын іске асыру ұсынылып, ағымдағы жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту кеңесі отырысында аталған жоба келісім алды. Жоспарланған аймаққа 600 гектар жер телімі қарастырылып, кейіннен 1 000 гектарға дейін ұлғайту көзделген. 
Хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында Абай облысы әкімдігі тарапынан ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігіне «Семей» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі – «Семей» АЭА) құру тұжырымдамасын енгізді (2026 жылғы 26 мамырда 02/5005/СК-2334).
Қазіргі кезеңнің өзінде арнайы экономикалық аймақ аумағында өндіріс орындарын орналастыруға мүдделі болып отырған бірқатар әлеуетті резиденттер бар. Атап айтқанда, мынадай ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде: 
«Qazken Minerals» ЖШС-нің титан өндіру зауытын салу жобасы. Оның аясында өңірде алғаш рет титан өнімдерін өндіретін заманауи өндіріс іске қосу көзделіп отыр. Жалпы жоспарланған инвестициялар көлемі – 150 млрд теңге, 
1 500 жұмыс орны қамтамасыз етіледі. 
Сонымен қатар, «Verum Group Holding Ltd» компаниялар тобына кіретін «Verum Smelting» ЖШС пирометаллургиялық зауыт салу жобасын әзірлеп жатыр. Жобаның жалпы құны 200 млрд теңгені құрайды, 600 жаңа жұмыс орны құрылады. 
«Harvest Agro» компаниясы 30 мың гектар суармалы және жайылымдық жерді кезең-кезеңімен игеру арқылы соя мен жүгері өндірісін дамытып, өндірілген өнімді арнайы экономикалық аймақта қайта өңдеуді жоспарлап отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 48,5 млрд теңге, 150 жаңа жұмыс орны ашылады.
Аталған салалардан бөлек, тамақ өнеркәсібі, химия өндірісі және қағаз өнімдерін шығару бағыттарында да жобаларды жүзеге асыруға ниетті инвесторлар бар.
Жобалардың жалпы құны – шамамен 400 млрд теңге. Нәтижесінде 2 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, жобаларды 2030 жылға дейін іске қосу көзделуде. 
Жоспарланған арнайы экономикалық аймақта өндірістік қуаттарын орналастыру аумақтың жоғары инвестициялық тартымдылығын және бизнес тарапынан сұранысқа ие екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, «Қазақстан–Қытай Индустриялық Паркі» ЖШС Қытай Халық Республикасымен шекарада, Абай облысы, Мақаншы ауданы аумағында орналасқан «Бақты» өткізу пункті жанында индустриялық-логистикалық паркін салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. 
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі тарапынан «Бақты» кентінде арнайы экономикалық аймақ құруды және «Қазақстан–Қытай Индустриялық Паркі» ЖШС-нің барлық басқару функцияларын жеке ұйым ретінде беру мүмкіндігі ұсынылған. Бұл жағдайда компания инвестор ретінде де, сондай-ақ парктің барлық болашақ резиденттері де заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен преференцияларды ала алады.
«Қазақстан–Қытай Индустриялық Паркі» ЖШС жобаның бастамашысы әрі инвесторы ретінде барлық қажетті инфрақұрылымның құрылысын жүзеге асырады. Парктің жалпы аумағы 3 000 гектарды құрайды, жобаның жалпы инвестиция көлемі 1 млрд АҚШ долларынан асады. 
Облыс аумағында индустриалды аймақтар мен өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану жұмыстары тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik/press/news/details/1287968?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді