«ТӘЖІРИБЕДЕН — БОЛАШАҚҚА»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ТӘЖІРИБЕДЕН — БОЛАШАҚҚА»

Беккожина Жанна Қанатқызының кәсіби жолы ұзақ жылдар бойы Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметімен тығыз байланысты.

Жанна Қанатқызының еңбек жолы 1995 жылы Павлодар облысы Май ауданындағы «Чапаевский» совхозынан басталды. Алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтай келе, оператор және бухгалтер қызметтерін атқарып, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастырды.

Уақыт өте келе оның кәсіби жолы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен сабақтасты. Павлодар қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық бағыттағы мекемелерде бас маман қызметін атқарып, қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу салаларындағы білімі мен тәжірибесін жетілдірді.

Осы жылдар ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының атауы мен құрылымы бірнеше рет өзгергенімен, оның кәсіби ұстанымдары өзгерген жоқ. Олар — жұмысқа жауапкершілікпен қарау және ортақ іске адал қызмет ету.

Кәсіби білімін үнемі жетілдіруге ұмтылған Жанна Қанатқызы 2020 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды.

2004 жылғы 20 мамырда мемлекеттік қызметші антын қабылдады. Мемлекеттік қызметтегі көп жылдар ішінде Жанна Қанатқызының өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмысына өз үлесін қосып келеді.

Бүгінде ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Бұл бағыт көпшілікке бірден байқала бермегенімен, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тұрақты жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Бюджетті жоспарлау, қаржы қаражатын тиімді пайдалану, бухгалтерлік есепті жүргізу және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру — жоғары жауапкершілікті, дәлдікті және кәсіби біліктілікті талап ететін жұмыстар.

Жанна Қанатқызының кәсіби жолы — бір қызметтен екінші қызметке ауысу тарихы ғана емес. Бұл — жылдар бойы жинақталған тәжірибенің кәсіби біліммен толығып, бүгінгі қызметінің берік негізіне айналған жолы.

Жанна Қанатқызының жауапкершілігі мен өз кәсібіне деген адалдығы кейінгі буын үшін тағылымы мол тәжірибе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1287170?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді