«Тіл тұғырымыз»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай және Қазақстан халқы тілдері күні аясында Солтүстік өңірінде «Тіл тұғырымыз» тақырыбында қазақша IQAS «Қызылжар» quiz додасы ұйымдастырылды.

Танымдық әрі көңілді форматта өткен шара «Қазақ тілі» қоғамының СҚО филиалы мен «Қызылжар» клубымен бірлесе өткізілді.

Биылғы quiz додасының басты ерекшелігі – білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларында қызмет ететін өзге этнос өкілдерінің белсенді қатысуы. Зияткерлік додаға барлығы 15 команда қатысып, қатысушылар мемлекеттік тілдегі білімдерін ортаға салды.

Командалар қазақ тілі, тарих, мәдениет, салт-дәстүр және ұлттық құндылықтарға қатысты сан түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады.

Қызықты тапсырмалар мен тартысты кезеңдер қатысушылардың зеректігін, жылдам ойлауын және қазақ тілінде еркін жауап беру қабілетін шыңдады.

Шара барысында мемлекеттік тілге деген қызығушылық пен құрметтің ұлтына қарамастан баршаға ортақ құндылық екені айқын көрінді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1287592?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді