«ВРЕМЯ НОВЫХ РЕШЕНИЙ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ЖАҢА ШЕШІМДЕР УАҚЫТЫ»

Заманауи санитариялық-эпидемиологиялық қызмет — жаңа міндеттерге уақтылы жауап беруді, кәсіби білімді үнемі жетілдіруді және тиімді шешімдер қабылдауды талап ететін маңызды сала.

15 қыркүйек — Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке қарсаңында «Жаңа шешімдер уақыты» айдары аясында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің заманауи дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген мамандармен таныстырамыз.

Утюпов Олжас Қанатұлының кәсіби жолы санитариялық қызметпен тығыз байланысты. 2014 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәмамдап, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын бастады.

2017 жылы Олжас Қанатұлының Павлодар қалалық басқармасында қызметін бастап, еңбек жолында жетекші маман, бас маман лауазымдарын атқарды.

Кейінгі жылдары оның кәсіби қызметі әртүрлі бағыттарды қамтыды. Атап айтқанда, өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерге санитариялық-гигиеналық бақылау жүргізу, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бағыттарында еңбек етті.

Әртүрлі бағыттарда жұмыс істеуі Олжас Қанатұлына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесін жан-жақты меңгеруге және басқарушылық тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. 2019 жылдан бастап басшылық қызметтерді атқарып, бөлімдердің жұмысын үйлестіріп, кәсіби қызметті тиімді ұйымдастыруға өз үлесін қосты.

Мемлекеттік қызметтегі жылдар ішінде ол кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, біліктілігін арттыруға және заман талабына сай жұмыс істеуге ұмтылып келеді.

Олжас Қанатұлының кәсіби қызметінде COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі жұмысы ерекше орын алады. Денсаулық сақтау жүйесі үшін күрделі болған бұл кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары алдыңғы шепте болып, эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге, инфекцияның таралуының алдын алуға және кешенді санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысты.

Кәсібилігі, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны және коронавирус инфекциясымен күреске қосқан елеулі үлесі үшін Олжас Қанатұлы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Бұл марапат денсаулық сақтау жүйесі үшін ең күрделі кезеңдердің біріндегі оның еңбегі мен табандылығына берілген лайықты баға болды.

2021 жылғы қазан айынан бастап Олжас Қанатұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Успен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Басшылық қызметте ол жинақталған білімі мен кәсіби тәжірибесін Успен ауданы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағыттап келеді. Бұл жұмыс шешімдерді уақтылы қабылдауды, жоғары жауапкершілікті және қойылған міндеттерді орындауда жүйелі тәсілді талап етеді.

Олжас Қанатұлының кәсіби жолы — білім мен алғашқы еңбек қадамдарынан бастап, мол тәжірибе жинақтап, басшылық қызметке дейін қалыптасқан кәсіби даму жолы. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың түрлі бағыттарында жинақтаған тәжірибесі бүгінде жаңа міндеттерді тиімді шешуге берік негіз болып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1287167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді