Жезқазғанда полиция талабына бағынбаған мас жүргізуші 35 тәулікке қамалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жезқазған қаласы, Кеңгір селосында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті тоқтатуға әрекет жасады. Алайда 20 жастағы жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, із суытпақ болған. Жедел уақытта ұсталған азаматты тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде болғаны, көлік басқару құқығының жоқтығы және бұл құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 35 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және мас күйде рөлге отырмауды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1287275?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді