ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ – ҚАУІПСІЗДІКТЕН БАСТАЛАДЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылыту маусымы жақындаған сайын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды. Осыған байланысты Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарға пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеру, пешті қараусыз қалдырмау, балаларға жақтырмау және жанғыш заттарды жылыту құрылғыларына жақын орналастырмау ескертіледі. Сондай-ақ қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға және үйді жылыту үшін газ плитасын қолдануға болмайды. Улы газдан уланудың алдын алу үшін газ және пеш жабдықтарын уақытылы тексертіп отыру қажет.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1287564?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді