АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 8 қыркүйегінде жастар бойында жоғары құқықтық мәдениетті, адам құқықтарын құрметтеуді, белсенді азаматтық ұстанымды және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында Қызылорда ашық университеті мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында құқықтық-ағартушылық іс-шаралар, кездесулер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу, жастардың құқық қорғау белсенділігін арттыру және студенттерді талдамалық және зерттеу жобаларына, Жастар құқықтары жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының қызметіне тарту, жастар құқықтары мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу көзделген.  

          Бұл бастама – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1288289?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді