Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Қабылдауға Ақмол және Қараөткел ауылдарының тұрғындары қатысты. Ақмол ауылының тұрғындары, оның ішінде «Бақыт» тұрғын үйлерінің тұрғындары, аумақты абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Ал Қараөткел ауылының тұрғыны жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу және көшелерді жарықтандыру мәселелерін жеткізді.

Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер жауапты бөлімдерге жолданып, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары – ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту және халыққа қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарындағы маңызды бағдар.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30-509 телефоны бойынша жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1288725?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді