Балалардың қауіпсіздігі – ата-ана жауапкершілігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, олардың қайда жүргеніне үнемі бақылау жасауға шақырады.

Жыл басынан бері 102 арнасына жоғалған азаматтар туралы 900-ден астам хабарлама түскен. Оның ішінде жартысынан көбі кәмелетке толмағандар. Олардың қатарында аулада ойнап жүріп ата-анасынан көз жазып қалған кішкентай балалар, сондай-ақ концерттер, мерекелік іс-шаралар кезінде жақындарынан адасып қалған балалар да бар.

Полиция ата-аналарға үндеу жасайды: балаңыздың қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті кейінге қалдырмаңыз. Баланың қайда жүргенін біліп, онымен үнемі байланыста болыңыз. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1288323?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді