
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 8 қыркүйекте Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова және Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Балгүл Кудесова «КБК групп» ЖШС қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген негізгі жаңалықтарға, тауар белгілерін тіркеуге және атқарушылық жазба жасау бойынша нотариаттық әрекеттерге арналған дәріс өткізді.
🔹 Кездесу барысында жаңа Конституция еліміздің заманауи саяси-құқықтық даму кезеңін көрсететіні және оның негізінде «Әділетті Қазақстанның» конституциялық құндылықтары бекітілетіні атап өтілді. Бұл құндылықтардың өзегінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр.
🔹 Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
🔹нотариаттық әрекеттер және заң көмегін көрсету;
🔹зияткерлік меншікті конституциялық деңгейде қорғау;
🔹бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе;
🔹азаматтардың құқықтарын қорғаудағы Миранда қағидалары және оның маңызы.
🔹адамға бағдарланған тәсіл – Конституцияның негізгі идеяларының бірі ретінде мемлекеттің адам құқықтарына, бостандықтарына, қадір-қасиеті мен мүдделеріне бағдарлануы.
💬 Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа конституциялық нормалар бойынша түсіндірмелер алды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1288243?lang=ru

Жауап қалдыру