«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

          «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына және қолданыстағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілді.

          Ішкі талдаудың мақсаты – Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау, оларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын әзірлеу, сондай-ақ басқарма қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

          Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы министрліктерінің нормативтік құқықтық актілеріне, Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулыларына және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

          Басқарма қызметінде негізінен төмендегі нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынады:

  • ₋ Қазақстан Республикасының«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • ₋ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»Заңы;
  • ₋ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Заңы;
  • ₋ Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»Заңы;
  • ₋ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңы;
  • ₋ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  • ₋ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • ₋ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»Заңы;
  • ₋ Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі;
  • ₋ Басқарманың ішкі еңбек тәртібі қағидалары, Әдеп кодексі, лауазымдық нұсқаулықтары және өзге де ішкі ұйымдастырушылық құжаттары.

          Жүргізілген талдау барысында басқарма қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындауына ықпал ететін құқықтық олқылықтар, құқықтық қайшылықтар (коллизиялар), негізсіз дискрециялық өкілеттіктер немесе құқықтық белгісіздіктер анықталған жоқ.

          Сонымен қатар, туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру және мемлекеттік қызмет көрсету барысында рәсімдердің қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі бақылау тетіктерін тұрақты жетілдіру қажеттілігі айқындалды.

          Қорытынды: жүргізілген құқықтық талдау нәтижесінде Б асқарма қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде жүйелі сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сонымен бірге заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз ету және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыру ұсынылады.

 

          Персоналды басқару

          Маңғыстау облысының туризм басқармасының штат саны                     2025 жылы 15 штат бірлігін құрады, оның ішінде 10 қызметкер мемлекеттік әкімшілік қызметші, 5 қызметкер еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін әкімшілік қызметкер болып табылады.

  • ₋ басқарма басшысы – 1 бірлік;
  • ₋ басқарма басшысының орынбасары – 1 бірлік;
  • ₋ Туризмді ілгерілету және дамыту бөлімі – 4 бірлік;
  • ₋ Туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімі – 4 бірлік;
  • ₋ әкімшілік қызметкерлер – 5 бірлік.

          Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы ақпарат «Электрондық үкіметтің» ресми интернет-ресурсында жарияланып, кандидаттарды іріктеу ашықтық және тең қолжетімділік қағидаттары негізінде өткізіледі.

          Әкімшілік қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданады.

Талдау барысында персоналды басқару бағытында келесі мәселелер қаралды:

  • ₋ мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерінің заңдылығы;
  • ₋ конкурс өткізу тәртібінің сақталуы;
  • ₋ кадрларды ауыстыру және қызметтен босату рәсімдерінің заң талаптарына сәйкестігі;
  • ₋ тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану;
  • ₋ мемлекеттік қызметке қойылатын шектеулердің сақталуы.

Талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметке қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату рәсімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілгені анықталды.

 

          Конкурстық іріктеу және лауазымға тағайындау

          Конкурстық рәсімдер Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен (кадр қызметімен) ұйымдастырылады.

          Басқармадағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия құрамына Басқарма басшысы енгізіледі.

          Конкурстық рәсімдерді зерделеу барысында:

  • ₋ конкурс өткізу тәртібінің бұзылу фактілері;
  • ₋ конкурсқа қатысушыларға заңсыз артықшылық беру;
  • ₋ мемлекеттік қызметке заңсыз қабылдау;
  • ₋ конкурс нәтижелеріне негізсіз ықпал ету жағдайлары анықталған жоқ.

          Қорытынды: жүргізілген талдау нәтижесінде персоналды басқару және кадрлық рәсімдерді ұйымдастыру барысында жүйелі сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сонымен қатар кадрлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау бағытындағы бақылау шараларын тұрақты негізде жалғастыру ұсынылады.

 

          Мүдделер қақтығысын реттеу

          Ішкі талдау барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес басқарма қызметкерлерінің мүдделер қақтығысының туындау тәуекелдері зерделенді.

          Талдау барысында:

  • ₋ мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуы;
  • ₋ коммерциялық ұйымдардың құрылтайшысы немесе қатысушысы болуы;
  • ₋ жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және жекжаттарының тікелей бағыныстылықта немесе бақылауда бірлесіп қызмет атқаруы;
  • ₋ мемлекеттік қызметке қойылатын шектеулердің сақталуы;
  • ₋ мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындауы мәселелері қаралды.

  Жүргізілген зерделеу нәтижесінде:

  • ₋ мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;
  • ₋ қызметкерлердің кәсіпкерлік қызметпен айналысу жағдайлары анықталған жоқ;
  • ₋ коммерциялық ұйымдарды басқаруға заңсыз қатысу фактілері анықталған жоқ;
  • ₋ жақын туыстардың тікелей бағыныстылықта бірлесіп жұмыс істеу жағдайлары анықталған жоқ;
  • ₋ кадрлық ауыстырулар мен лауазымдық тағайындаулар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілген;
  • ₋ заңсыз жұмыстан шығару немесе қызметін төмендету фактілері анықталған жоқ.

          Басқарма қызметкерлері жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарымен таныстырылып, мемлекеттік қызметке байланысты белгіленген шектеулерді сақтау жөніндегі міндеттемелерді қабылдайды.

          Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

          Қорытынды: жүргізілген талдау нәтижесінде мүдделер қақтығысына байланысты жүйелі сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген шектеулерді сақтау және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жалғастыру ұсынылады.

 

          Мемлекеттік қызметтер көрсету

          Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызметті) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асырады.

          Аталған мемлекеттік қызмет екі кіші түрі бойынша көрсетіледі:

  • ₋ келу және ішкі туризм саласы;
  • ₋ шығу туризмі саласы.

          2025 жылдың қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, лицензия алу талаптары және қолданыстағы заңнама нормалары бойынша барлығы 14 заңды тұлғаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Сонымен қатар, туристік операторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру бойынша 4 өтініш қаралып, олардың барлығы бойынша оң шешім қабылданды.

          Атап айтқанда:

  • ₋ ЖК «Хачатрян» – 19.02.2025 жылы лицензия берілді;
  • ₋ «Made in Mangystau» ЖШС – 22.07.2025 жылы лицензия берілді;
  • ₋ «Elim KZ» ЖШС – 18.11.2025 жылы лицензия берілді;
  • ₋ «Асыл Ақтау» ЖШС – 09.12.2025 жылы лицензия берілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

          Атап айтқанда, «WhatsApp» мессенджеріндегі арнайы жұмыс топтары арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде тұрақты ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып келеді.

          Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда қызмет көрсетуші қызмет алушыға бас тартудың нақты себептері көрсетілген дәлелді жауап ұсынуға міндетті.

          Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына жүргізген бақылау (мониторинг) қорытындысы бойынша М.М. Сатыбаеваның 2025 жылғы 6 қарашадағы №25645991 өтініші және «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ-ның 2025 жылғы 20 наурыздағы №25181192 өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19-1-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес бас тартудың нақты себептері көрсетілген дәлелді жауаптың ұсынылмағаны анықталды.

          Аталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, Маңғыстау облысының туризм басқармасы басшысының орынбасары Н.С. Ғиниятқа және Туризмді ілгерілету және дамыту бөлімінің басшысы Ж.О. Оразбаеваға 2026 жылғы 19 маусымдағы №ЖҚ-25 және №ЖҚ-26 бұйрықтарымен функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланды.

          Сонымен қатар, кемшіліктердің қайталануына жол бермеу мақсатында жауапты қызметкерлермен қосымша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 27 шілдеде №02-01/815 хаттамамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді. Хаттама барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың өтініштерін сапалы қарау және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұрақты зерделеу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.    Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігіне тұрақты ішкі бақылау жүзеге асырылады.

          Қорытынды: жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында рәсімдік сипаттағы кемшіліктер анықталды. Аталған кемшіліктер бойынша заңнамада көзделген тәртіптік шаралар қолданылып, олардың қайталануына жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралар қабылданды.

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

 

          Рұқсат беру функцияларын іске асыру

          «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығы сәйкес, «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», оның ішінде 2 (екі) кіші түрі: 1. Келу және ішкі туризм саласы; 2. Шығу туризмі саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсету Басқарманың құзыретіне кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша 2 жеке тұлғаға және 2 заңды тұлғаға «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі көрсетілді және оң шешіммен қанағаттандырылды.

          Қорытынды: жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде рұқсат беру функцияларын іске асыру барысында лицензия беру рәсімдерінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылғаны анықталды. Лицензия беру кезінде негізсіз бас тарту, заңсыз артықшылық беру, әкімшілік кедергілер жасау немесе өзге де жүйелі сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

          Сонымен қатар, лицензия беру рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуына және қабылданатын шешімдердің негізділігіне тұрақты ішкі мониторинг жүргізу, сондай-ақ жауапты қызметкерлердің заңнама талаптарын сақтауына бақылауды жалғастыру ұсынылады.

 

          Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

          Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік бақылау және тексеру функцияларын жүзеге асыру өкілеттігі берілмеген.

          Осыған байланысты басқарма тарапынан жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайды және мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты шешімдер қабылданбайды.

Ішкі талдау барысында бақылау-тексеру қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болатын факторлар қарастырылды.

          Талдау нәтижесінде басқарманың бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырмайтыны анықталды.

          Қорытынды: басқармада бақылау-тексеру функцияларының болмауына байланысты осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін жағдайлар анықталған жоқ.

 

          Бюджет және қаржы қаражатының игерілуі

          2025 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының туризм басқармасына 2 104 446,3 мың теңгекөлемінде бюджет қаражаты бөлінді.

Бюджет қаражаты келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланып, игерілді:

          001 «Туризм саласындағы жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясат және қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 қаржы жылына 103 855,0 мың теңге қаражат бөлінді. Нақты игерілгені – 103 711,7 мың теңге, игерілмегені – 143,3 мың теңге, игерілуі – 99,86 %.

          003 «Капиталдық шығыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 қаржы жылына 3 676,0 мың теңге қаражат бөлінді. Нақты игерілгені – 3 490,9 мың теңге, игерілмегені – 185,1 мың теңге, игерілуі – 94,96 %.

          004 «Туристік қызметті реттеу»бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылы 202 046,3 мың теңгеқаражат бөлінді. Нақты игерілгені – 202 046,3 мың теңге, игерілуі – 100 %.

          065 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылы 1 500 000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңде осы бағдарлама бойынша өтінімдердің (өтінімдердің/жобалардың) түспеуіне байланысты қаражат игерілген жоқ. Нақты игерілгені – 0,0 мың теңге, игерілуі – 0 %.

          071 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылы 269 522,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Нақты игерілгені – 269 521,8 мың теңге, игерілуі – 100 %. Мақұлданған өтінімдер бойынша жалпы 269 521 800 (екі жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз жиырма бір мың сегіз жүз) теңге көлемінде қаржы қаражаты «Sibro» ЖК мен «Корпорация МК» ЖШС-не Қазақстан Республикасы заңнамасының және қолданыстағы Қағидалардың талаптарына сәйкес төленді.

          074 «Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылы 25 347,0 мың теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңде нақты игерілген қаражат – 0,0 мың теңге, игерілуі – 0 %.

          Жалпы алғанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы 99,86 %-ды құрады.

          Жүргізілген талдау нәтижесінде бюджет қаражатын жоспарлау, бөлу және игеру барысында Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ. Қаржы қаражатының жұмсалуына тұрақты ішкі бақылау жүргізіліп, қаржылық есептілік уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген мерзімдерде ұсынылды.

          Бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілді.

          Қорытынды:

          Бюджет және қаржы қаражатын жоспарлау мен игеру сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыттардың бірі болып табылады. Тәуекелдер бюджеттік қаражатты жоспарлау, бөлу, игеру, төлемдерді жүзеге асыру және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін.

          Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 2025 жылы бюджет және қаржы қаражатын игеру барысында бюджет заңнамасының талаптарын бұзу, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, қаржылық тәртіпті бұзу немесе лауазымды адамдардың жеке мүддесіне байланысты шешім қабылдау фактілері анықталған жоқ.

          Сонымен қатар, тәуекелдердің алдын алу мақсатында бюджеттік бағдарламалардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу, ішкі қаржылық бақылауды күшейту, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын сақтау және қаржылық есептіліктің дұрыстығына тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады.

 

          Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

          Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қаралады.

          Талдау барысында азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуы, қабылданған шешімдердің заңдылығы және жауаптардың толықтығы зерделенді.

          Заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.

          Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде:

  • ₋ сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту;
  • ₋ құқықтық түсіндіру жұмыстары;
  • ₋ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар;
  • ₋ мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметке қойылатын шектеулерді сақтау мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі.

          Сонымен қатар қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылады.

          Қорытынды: жүргізілген талдау нәтижесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет барысында жүйелі сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Ішкі бақылау және профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жалғасады.

 

          Жасырын қызметтер

          Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі жасырын сипаттағы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырмайды.

          Осыған байланысты жасырын қызметтерді қаржыландыруға арналған бюджет қаражаты қарастырылмаған және мұндай қызметтерге қатысты құжаттар жүргізілмейді.

          Қорытынды: жасырын сипаттағы мемлекеттік қызметтердің болмауына байланысты осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін факторлар анықталған жоқ.

 

          Жалпы қорытынды

          2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне кешенді бағалау жүргізілді.

          Талдау қорытындысы бойынша басқарма қызметінде жүйелі сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сонымен қатар жекелеген бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы бар екені айқындалды.

          Атап айтқанда, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, сондай-ақ туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде субсидиялар (өтемақылар) беру кезінде комиссияның шешім қабылдауына байланысты дискрециялық өкілеттіктердің болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтимал көзі болып табылады. Осыған байланысты комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, өтінімдерді қарау рәсімдерінің объективтілігі мен жариялылығын күшейту, мүдделер қақтығысына жол бермеу және ішкі қаржылық бақылауды тұрақты жетілдіру қажеттілігі айқындалды.

          Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптарды рәсімдеу кезінде Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарының сақталмауына байланысты рәсімдік сипаттағы кемшіліктер анықталды. Аталған бұзушылықтар бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға 2026 жылғы 19 маусымдағы №ЖҚ-25 және №ЖҚ-26 бұйрықтарымен тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланып, кемшіліктердің қайталануына жол бермеу мақсатында қосымша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

          Жалпы алғанда, ішкі талдау нәтижелері басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерінің жұмыс істейтінін көрсетті. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, бюджет қаражаты мен мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жалғастыру ұсынылады.

 

Ақтау қаласы                                                                               13 тамыз 2026 жыл

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1288731?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді