
Түркістан облысы ТЖД тергеушілердің біліктілігін арттыру бойынша семинар-практикум өтті.
Семинардың негізгі тақырыбы – «Өрт туралы істер бойынша анықтау жүргізу кезінде азаматтық қорғау органдарының анықтау бөлімшелері мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылы».
Іс-шара барысында өртке байланысты істер бойынша анықтау жүргізудің ерекшеліктері, оқиға орнын қарау кезінде өзара іс-қимыл жасау, қажетті процессуалдық іс-шараларды ұйымдастыру, дәлелдемелерді жинау және бекіту, сондай-ақ анықтау органдары арасындағы ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушыларға қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, практикалық мысалдар негізінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Бірлескен семинарның басты мақсаты – азаматтық қорғау органдары мен ішкі істер органдарының анықтау бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, анықтау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және өрт себептерін жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған практикалық дағдыларды арттыру.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қызметтік жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1288575?lang=ru

Жауап қалдыру