Оқушылармен ауқымды кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Берікбаев А. Мендалиев атындағы білім беру ұйымында 9–11 сынып оқушыларымен ауқымды кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері және құқық бұзушылық жасаудың құқықтық салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкері жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын сақтау және кез келген қауіпті жағдайдың алдын алу қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция өкілінен тиісті жауаптар алды.

https://www.instagram.com/reel/DdAvbs8MjhI/?stkn=ZWZmaGc2b3ZjbnM5

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1288186?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді