ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуалы ауданында Төтенше жағдайлар бөлімінің және №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге «Отбасы» тобының маманы мен аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы қатысып, жол қозғалысы ережелерін сақтау, заң талаптарын орындау, адалдық пен отбасындағы өзара сыйластықтың маңыздылығы жөнінде түсіндірме берді. Іс-шара барысында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1288438?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді