
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында Қазақстандағы 261-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды.
Жаңа өрт сөндіру бекеті Ақтөбе, ІІІ Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарының 6 446 тұрғынының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өрт сөндіру бекеті Ақтөбе ауылының жергілікті кәсіпкерінің демеушілігімен салынды. Мұнда қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жасалған. Ғимарат «жылы еден» жылыту жүйесімен жабдықталып, сыртқы қасбеті сұйық травертинмен әрленген. Арнайы техниканың жедел шығуын қамтамасыз ету үшін гаражға автоматты қақпа орнатылған.
Жаңа құрылымның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінен өрт сөндіру автоцистернасы берілді. Автокөлік қажетті өрт-техникалық құралдармен және жауынгерлік киім жиынтықтарымен жабдықталған.
Сондай-ақ жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесімен тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлық байланыс құралы орнатылды.
Жаңа бекеттің ашылуы елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
«Ауыл құтқарушылары» жобасы – шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейтуге және тұрғындарға көрсетілетін көмектің жеделдігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1287975?lang=ru

Жауап қалдыру