Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы “Қазақстан Республикасының Заңы: 3-бап. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылық қағидаттары, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы және басқалар негізінде жүзеге асырылады. 5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Мақсатқа жету қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы іске асырылады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1288699?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді